Президентке «Самұрық-Қазынаның» биылғы 4 айдағы жұмысы жөнінде есеп берілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Самұрық-Қазына» қорының биылғы төрт айда атқарған жұмыстарының қорытындысы жөнінде есеп берілді.

Президентке қордың өндірістік, қаржылық көрсеткіштері мен осы жылға арналған болжамдары туралы баяндалды. Берілген мәліметтерге сәйкес «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы қазіргі уақытта жоспарланған нәтижеге қол жеткізген.

Алмасадам Сәтқалиев Мемлекет басшысына маңызды инвестициялық жобалардың іске асырылу барысы, ірі инфрақұрылымдық нысандарға жүргізілген жөндеу жұмыстары, сондай-ақ Қорға қарасты портфельді компаниялардың IPO-ға дайындығы жөнінде баяндады.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының қызметіне қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.


Соңғы жаңалықтар