Президенттік институтқа 30 жыл: Сарапшылар қандай мәселелерді талқылап жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық және халықаралық саяси, әлеуметтік сарапшылар еліміздегі президенттік басқару жүйесіне 30 жыл толуына орай өткен «Президенттік басқару нысаны. Конституциялық негіз және саяси тәжірибе» атты халықаралық онлайн конференцияда ойларын ортаға салып, пікір алмасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін – еліміз үшін маңызды күн. Себебі дәл бүгін Қазақстанда президенттік институттың енгізілгеніне тура 30 жыл толып отыр. Осыдан 30 жыл бұрын Қазақ ССР Конституциясына тиісті түзетулер енгізіліп, Қазақстан ССР Президенті болып Нұрсұлтан Назарбаев сайланған еді. Осылайша жаңа құқықтық институт жұмысын бастады», - деді жиынды ашқан ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры атқарушы директорының орынбасары Игорь Рогов.

Оның айтуынша конференция қазір әлемдегі пандемия кезінде онлайн режимде ұйымдастырып отырғанын жеткізді.

«Әйтсе де осынау айтулы оқиғаны терең талдап, заңгерлік, саяси және философиялық анализ жүргізуге деген ғалым-практиктердің тілегімен бүгінгі конференцияны ұйымдастырып отырмыз. Жаңа билік институты мен Нұрсұлтан Назарбаевтың тұлғалық рөлі – осы екі фактор біздің еліміздің даму жолында қандай рөлге ие? Осы сұрақ төңірегінде сарапшылардың басын қостық. Шақыртуымызды қабыл алған азаматтардың бәріне алғысымызды білдіреміз», - деді ол.



Соңғы жаңалықтар