Президенттік кадр резервіндегі жастар туризмді дамыту идеяларымен бөлісті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Президенттің Іс басқарушысы Айбек Дәдебаев Президенттік кадр резервіндегі жастармен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Еліміздің белсенді азаматтарымен перспективалы идеяларды талқылап, оларды бірге іске асыру қажет деп санаймын.

Резервтегі жастардың мемлекет дамуы мен Президент Іс басқармасының жобаларына атсалысуға дайын екендігі қуантты. Бүгінгі таңда бізде пікірталас клубы жұмыс істейді, онымен қоса, ғылыми-техникалық кеңес құрылу үстінде. Осындай жастар Іс басқармасының жобалық жұмыстарына айтарлықтай үлес қоса алады, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыта алады», - деп жазды ол.

А.Дәдебаев резервтегі жастарды Президент Іс басқармасының жұмысымен таныстырып, оларды кәсіби ұжымға қосылуға шақырған. Бүгінде Президент Іс басқармасында аталмыш резервтің екі мүшесі жұмыс істейді.

«Кездесуде жастар тарапынан бірнеше құнды ұсыныс айтылды. Мысалы, ұлттық парктерде, оның ішінде Президент Іс басқармасының қарамағындағы «Бурабай» мемлекеттік ұлттық паркінде туристік сервис стандарттарын енгізу туралы тың идеялар талқыланды», - деді Айбек Дәдебаев.



Соңғы жаңалықтар