Президенттік резервке іріктеу әлсіз тұстарымды түсінуге мүмкіндік берді - Нұрбек Серіков

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамытудың қазақстандық орталығының» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Нұрбек Серіков Президенттік кадрлық резервіне іріктеуге қатысу өзінің күшті және әлсіз тұсын түсінуге мүмкіндік бергенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бастапқыда Президенттің жастар кадрлық резервін таңдауға қатысу туралы ойым болған жоқ. Әріптестерім маған бағымды сынап көру туралы кеңес берді. Соңғы күн қалғанда құжаттарымды жинап, өтініш бердім. Тапсырмалар қиын болды. Аз уақытта сұрақтарға тез жауап беруің керек. Бастапқыда сұрақтар қандайда бір заңдар туралы болады деп ойладық. Сөйтсек, алған білім, өмірлік тәжірибе, логикаңды сынайды екен. Тапсырмалардан сәтті өтіп отырдым», - дейді Нұрбек Серіков.

Ол бастапқыда іріктеуден өтетініне сенбегенін айтты.

«Шынымды айтсам, мен ештеңеге сенбедім. Әріптестерім нәтижелерді үнемі қадағалап отырды, мен нәтиже қалай болып жатқанын солардан сұрап анықтап отырдым. Әрине, мен қатты қуандым, себебі алда не күтіп тұрғанын білмеген едім. Іріктеуден өткен резервистердің тізімінде болу көңілге қуаныш сыйлайды екен. Бұл мен үшін оң нәтиже болды», - дейді ол.

Бұған дейін Нұрбек Серіков Құрылыс және тұрғын үй істері комитетінде коммуналдық шаруашылық бөлімінің бастығы болған.

«Бұл - Индустрия министрлігінің жанындағы комитет. Осыдан кейін мені «Қазақ» АҚ төрағасының орынбасары етіп тағайындады. Негізінде, бұл да сол салаға жақын.Осы бағытта жұмысты жалғастыра бергеніме өте қуаныштымын. Жұмыстың форматы сәл өзгеше, жанданған жұмыс десе болады. Мен мемлекеттік қызметте жұмыс істедім. Біз ТКШ секторына әдістемелік қолдау көрсетеміз. Бірінші күннен бастап-ақ нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу туралы келісімге қол қойдыра бастадым. Менен барлық нормативтік актілерге уақытылы қол қойдыруды күткен еді және оны ойдағыдай орындадым«, - дейді Нұрбек Серіков.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта мамандардың біліктілігін арттыру бойынша жұмыс істеп жатыр.

«ЕҰУ-мен меморандумға қол қойып, бағдарламаны бекіттік. Жұмыста қажет болатын барлық білім базаларын үйретеміз. Тамыз айында бірінші топты оқытуды жоспарлап отырмыз. Резервистермен жұмыс басынан бастап жүргізіледі. Күшті және әлсіз тұсымызды көрсетті. Семинарлар өткізді, сондай-ақ жобалық кеңселерге, топта жұмыс істеуге шақырды. Жұмыс барысы жақсы өтуде. Бізде әр алуан контингент бар, әр облыста не болып жатқанын білу - қызықты», - дейді ол.

Нұрбек Серіков іріктеу кезінде жүргізілген бағалау оның күшті және әлсіз тұсын айқындап бергенін айтты.

«Шынымды айтсам, іріктеу кезінде жүргізілген бағалау менің күшті және әлсіз тұстарымды айқындап берді. Менің түсінуімше, кей бағыт бойынша білімімді арттыра түсу керек болса, кей бағыт бойынша машығымды жетілдіре түсуім керек. Біздің елде жан-жақты адамдар көп, сондықтан елімізді өркендетуге және дамытуға дайын шағын қауымдастық пайда болды. Бұдан басқа, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық туралы кеңірек түсінік алу үшін басқа профильде жұмыс істеу мүмкіндігі бар. Бұл - өте қызық», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар