Президенттік жастар кадр резервіне 14 мемлекеттен өтінім берілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президенттік жастар кадр резервіне қатысушыларды тіркеу аяқталды. 1 қыркүйектен 1 қазанға дейін кадр резервіне қатысуға 8 638 адам өтінім берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне сілтеме жасап.

Өтінім берген 8 638 қатысушының арасында 5133 ер адам және 3505 әйел бар.

Мегаполистер бойынша Нұр-Сұлтан қаласынан 1540, Алматыдан – 490, Шымкент қаласынан – 688 үміткер құжат тапсырған.

Ал өңірлер арасында Алматы облысы – 655, Жамбыл облысы – 567, Түркістан облысы – 564 және Қостанай облысы – 463 үміткермен алдыңғы қатарда тұр.

Одан кейін Қызылорда облысы – 435, Қарағанды облысы – 428, Атырау – 397, Ақтөбе – 365, Маңғыстау – 348, БҚО – 347, ШҚО – 324, СҚО – 308 жайғасқан және ең аз үміткер әзірге Павлодар облысында – 286.

Сондай-ақ, биыл Президенттік жастар кадр резервіне Қазақстаннан бөлек, 14 мемлекеттегі қазақстандықтар тіркелген.

Атап айтқанда, АҚШ-тан 6, Түркиядан – 3, Грузиядан – 3, Ұлыбританиядан – 2, Біріккен Араб Әмірліктерінен – 2, Сингапурден – 2 және Болгария, Оңтүстік Корея, Бельгия, Ресей, Канада, Өзбекстан, ЕО, Израиль елдерінен 1 үміткерден өтінім берген.

Кадрлық резерв бағыттары бойынша «Мемлекеттік басқаруды дамыту» - 2708 үміткермен көш бастап тұр.

Одан кейін «Білім беру жүйесін дамыту» бөлігі – 2303, «Өңірлік даму» – 1590, Ұлттық экономика мен сыртқы сауданы дамыту – 791, «Жаңа әлеуметтік саясат» - 511 бағыттары жайғасқан.

Ең аз үміткер «Ішкі саясатты жетілдіру» (449) және «Денсаулық сақтау жүйесін дамыту» (286) бағыттарында байқалады.


Соңғы жаңалықтар