Президенттің он ұлттық жобасына қоғамның негізгі мәселелері қамтылған - саясаттанушы

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының Әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің басшысы, саясаттану мамандығы бойынша PhD докторы Индира Рыстина Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жарлығымен бекітілген Он ұлттық жоба тізбесіне қатысты пікірімен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысының бекіткен он ұлттық жобасындағы әрбір жобаның түпкілікті жетер мақсаты болады. Бұл мақсатқа жету мерзімі мемлекеттік бағдарламаларға қарағанда қысқа болады. Сондай-ақ, ұлттық жобаның мерзімін ұзартуға мүмкіндік болмайды. Яғни бір мақсатқа жеткенмен, ұлттық жоба өзінің негізгі функциясын атқаратын болады»,- дейді саясаттанушы.

Оның айтуынша, осыған дейінгі уақытта біздің үкіметіміз мемлекеттік бағдарлама бағдарламалар форматында жұмыс істеген болатын. Әрбір мемлекеттік бағдарламаны ұзартып жіберуге не болмаса индикаторларын ауыстыруға болады және бұл бағдарламалардың бір ерекшелігі осы процесске негізделген. Яғни ең басты нәтижесі ретінде процесстің жүзеге асырылуы болды. Бүгінгі күні ұлттық жобаларға көшкен кезде, біз процесс маңыздылығын екінші орынға шығарып, ең алғашқы мақсаты ретінде осы ұлттық жобаның жетер нүктесін көріп отырмыз. Яғни, ең бастысы нәтиже көрсету. Ал бұл нәтижеге жетудің жолдары ауыспалы болуы мүмкін. Мемлекеттік бағдарламалар мен ұлттық жобалардың басты айырмашылығы осындай.

«Ұлттық жобалар он тақырыпта жазылған. Бұл он тақырыптың барлығы да азаматтарға түсінікті. Онда әрбір азаматты алаңдататын

қоғамдық негізгі мәселелерді қарастыратын он жоба: білім, денсаулық, экология, мемлекеттік қызметтер, қауіпсіздік, өмір сапасы секілді және т.б. қоғамды алаңдатып отырған мәселелердің төңірегінде жазылған. Сонымен қатар, осы жобаларды жүзеге асыру кезіндегі үкіметтің іс әрекеттері азаматтардың күнделікті шынайылықпен қалай байланысты екенін түсінуге мүмкіндік беретін болады»,- деді спикер.


Соңғы жаңалықтар