ПТР-тесті жаппай тапсырудың керегі жоқ - маман пікірі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ПТР-тесті жаппай тапсырудың қажеті жоқ. Бұл сұраққа «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Махаббат Бекбосынова жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Пациентте созылмалы аурулар, күретамыр жоғары қан қысымы, қант диабеті болса, онда олар ерекше бақылауда болуы тиіс. Ең алдымен өзін-өзі бақылауы керек. Екіншіден, амбулаторлық мекеме тарапынан қадағалау болуы тиіс. Індет Қазақстанға қарағанда ерте келген Еуропадағы, Қытайдағы өткенге шолу сараптамаларына қарағанда, ауыр COVID-19 өкпе қабынуы бар адамдардың шамамен 40 пайызы қант диабетіне шалдыққан», - деді Махаббат Бекбосынова.

Оның айтуынша, ПТР-диагностика үшін тест тапсыруға нақты ауру белгісі болуы тиіс. Өйткені, әлемдік статистикаға қарағанда, коронавирус инфекциясы бар адамдардың 30 пайызында ПТР-тесті вирус жоқ деп көрсетеді.

«Ендеше, барлығы жаппай ПТР-тесті тапсыру қажет пе екендігін ойлану қажет. Меніңше, ең алдымен клиникаға сүйенген жөн. ПТР-тесті вирусты анықтамағанымен пациентте коронавирусқа тән белгілер болған жағдайда үйде қалып, денсаулығын қадағалауы, дене қызуын өлшеп отыруы керек. Сонымен қатар тіркелген амбулаторлық мекемеге хабарласап, бақылауға алынған жөн»,- деді ол.


Соңғы жаңалықтар