«Qazaq air» әуе компаниясы ұшағының неден зақымданғаны тексеріліп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 24 шілдесінде Өскеменнен Нұр-сұлтан қаласына ұшып келген «Qazaqair» әуе компаниясының ұшағынан фюзеляждың төменгі, ортаңғы және орталық бөлігіне найзағай түсуі мүмкін.

Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram-парақшасынан мәлім болды.

«Qazaqair» ақ әуе компаниясы зақым келген жерлерді тексеру бойынша техникалық комиссия құрды. Осылайша, диаметрі 2 мм-ден 6 мм-ге дейін, қалыңдығы 1 мм-ден 2.5 мм-ге дейін сегіз зақымдану белгілері табылды. Бұл ұшу бағыты бойынша найзағайдан келуі мүмкін зиян.

«De Havilland Aircraft of Canada Limited» ӘК өндіруші компаниясының сервистік қызмет көрсету және техникалық сүйемелдеу қызметі планер конструкциясын жөндеу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес, жөндеу жұмыстарын жүргізуді ұсынды. Қазіргі уақытта ұшақ пайдаланылмайды. Ол қаптамасындағы зақымданған жерлер жөнделгеннен кейін және әуе кемесін пайдалануға рұқсат беру туралы техникалық акті ұсынылған соң ғана ұшақты пайдалану мәселесі шешіледі.

«Осы жәйт авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру қағидаларына сәйкес азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган комиссиясының тексеруіне жатпайды. «Qazaqair» ақ әуе компаниясы авиациялық оқиғаға жеке тексеру жүргізуде»,-делінген министрлік таратқан ақпаратта.


Соңғы жаңалықтар