QazVac ДДҰ ұсынатын медикаменттер тізіміне кіреді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – QazVac Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынатын медикаменттер тізіміне кіреді. Бұл туралы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 33-жалпы отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан өзінің ғылыми әлеуетінің арқасында коронавирусқа қарсы QazVac вакцинасын әзірлеп, өндіріске шығарған санаулы ғана елдердің бірі екендігін атап өткім келеді. Өткен аптада ғана мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директорымен кездесу өткіздім. Бұл ұйым төтенше жағдайларда пайдалану үшін ұсынылатын медикаменттердің тізіміне QazVac вакцинасын қосу мәселесін қарастырады. Біз вакцина өндірісін арттыруға және оның шетелге экспортын жолға қоюға дайын екендігімізді айтқым келеді», - деді ҚР Президенті.


Соңғы жаңалықтар