+7 (701) 759 90 19
USD 425.71 EUR 495.53
RUB 5.99 CNY 66.56
Jańalyqtar

Рахым Ошақбаев қоғамдық кеңестің тиімділігі туралы пікір білдірді

2021 жылғы 4 қазан 14:08
Бөлісіңіз:
Рахым Ошақбаев қоғамдық кеңестің тиімділігі туралы пікір білдірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «TALAP» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Рахым Ошақбаев қоғамдық кеңестер қызметінің тиімділігіне баға берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістанда үкіметтік емес ұйымдардың орталығы ашылды Nur Otan-ның қоғамдық кеңестерінде 9 мыңнан аса мәселе қаралды

«Қоғамдық кеңес – халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасын іске асыру шеңберіндегі басты институттардың бірі. Оның мақсаты - барлық деңгейде шешім қабылдауда азаматтық қоғамның мүддесін білдіру және ескеру. Менің сараптамалық бағалауым бойынша, бұл - орталық атқарушы органдардың, облыстық және аудандық деңгейдегі әкімдіктердің түрлі деңгейлерді қамту ауқымына байланысты шын мәнінде теңдессіз институт», – деді Рахым Ошақбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Ол ұлттық компаниялар жанынан қоғамдық кеңес құрылып жатқанын айрықша атады.

«Біздегі қоғамдық кеңестердің ауқымы өте үлкен, мен мұндай деңгейді еш жерде көрмеген шығармын. Ол жоспарлау және орындау кезеңіндегі, сондай-ақ есеп беру кезеңіндегі бюджеттерді талдауды қамтып отыр. Қоғамдық кеңеске кірген адамдар атқарушы орган басшылығының алдына өз құзыретіне жатқызылған кез келген мәселені қоя алады. Бұл органдардың басшылары заң бойынша оларды назарға алуға және қарауға міндетті», - деді орталық басшысы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT