Рамазан айы адамдарды жанашырлық пен мейірімділікке үндейді – Асқар Мамин

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Қазақстан мұсылмандарын қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтаймын. Рамазан айы адамдарды ниет тазалығына, жанашырлық пен мейірімділікке, сабырлылық пен өзара түсіністікке, жақындарына қамқорлық жасауға және мұқтаж жандарға қол ұшын созуға үндейді. Рамазан мұсылмандардың ғана емес, еліміздегі басқа дін өкілдерінің де басын біріктіріп, Қазақстан халқының дәстүрлі рухани құндылықтарын нығайта түседі. Барлық қазақстандықтарға зор денсаулық, татулық және игілік тілеймін. Жаратушы жамағатының барлық дұғаларын қабыл етіп, игі істерінің сауабын жазсын!»,-делінген құттықтауда.



Соңғы жаңалықтар