+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Рамазан айының қарсаңында уақытты дәл көрсетететін арнайы ресурс іске қосылды

2021 жылғы 13 сәуір 08:26
Бөлісіңіз:
Рамазан айының қарсаңында уақытты дәл көрсетететін арнайы ресурс іске қосылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қасиетті Рамазан айының қарсаңында Қазстандарт арнайы уақыт ресурсы – мемлекеттік уақыт эталоны және жиілігімен сәйкестендірілген сағатты іске қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда биыл 600 шақырымға жуық жол жөнделеді Еліміздің барлық өңірінде мешіттерде жұма намазын оқуға рұқсат берілді Биылғы 1 тоқсанда химия өнеркәсібіндегі өндіріс 14,2% - ға өсті – министрлік

Бұл туралы өзінің Facebook парақшасында ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті.

«Мереке қарсаңында Қазстандарт мемлекеттік уақыт эталонымен және жиілігімен сәйкестендірілген – сағатты іске қосты (https://ramazan.ksm.kz). Осы сағат арқылы ауыз бекіткен әрбір азамат Қазақстанның барлық өңірі бойынша күннің шығатын және бататын дәл уақытын біле алады. Ауыз бекіткен адамдар үшін әр минут маңызды. Біздің мемлекетімізде азаматтар бір-бірін көпшілік мерекелермен ғана емес, діни мерекелермен де құттықтайды. Бұл өзгенің таңдауына деген құрмет. Меніңше, Қасиетті ай, біздің көпконфессиялы халқымызды бұрынғыдан да біріктіре түседі. Қазақстанның әрбір отбасына бейбітшілік, жақсылықпен жаңару тілеймін!»,-деп жазды Бақыт Сұлтанов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT