Рәпіл Жошыбаев Қазақстанның Қырғызстандағы Елшісі болып тағайындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Жарлығымен Рәпіл Сейітханұлы Жошыбаев Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Рәпіл Сейітханұлы Жошыбаев 1963 жылы 22 тамызда Жамбыл облысында дүниеге келген. Қырғыз мемлекеттік университетін, Санкт-Петербург экономика және қаржы университетін бітірген. Экономика ғылымдарының докторы.

Өзінің дипломатиялық қызметін 1993 жылы ҚР СІМ Халықаралық экономикалық қатынастар басқармасының үшінші хатшысы ретінде бастады. Қазақстанның Литвадағы елшілігінде жұмыс істеді. ҚР Президенті Протоколы басшысының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің Конфессияаралық қатынастар жөніндегі бөлімінің меңгерушісі болды.

2004-2007 жылдары ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарды. Сондай-ақ, ҚР СІМ Жауапты хатшысы, ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары, ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің комиссары лауазымдарын атқарды. 2018-2019 жылдары «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ басқарды.

Қазақстанның Қырғызстандағы Елшісі болып тағайындалғанға дейін ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі болған.


Соңғы жаңалықтар