Ресей Байқоңырдағы 2018 жылғы апатқа қатысты әлі өтемақы төлемеген

None
None
НҰР-СҰЛТАН. Қазақпарат – 2018 жылы Байқоңырдағы апат бойынша Ресей жағы өтемақы төлеген жоқ. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Марат Сыздықов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осындай тиісті келісім (өтемақы туралы ) бар. Ресей тарапы келтірілген шығынды төлеу секілді кепілдікті өзіне алады. Алайда тәжірибе жүзінде бұл өте ұзақ процесс екенін көріп отырмыз. Осы орайда түрлі бюрократиялық тұстар кездесіп жатыр», - деді М. Сыздықов.

Бұл ретте ол 2018 жылы Байқоңырдағы апатты мысал ретінде келтірді.

«2018 жылы болған апат бойынша материалдық өтемақы әлі де төленбеді», - деді министрдің орынбасары.

Еске сала кетейік, 2018 жылы 11 қазанда Байқоңыр ғарыш айлағының Гагарин старт алаңынан орбитаға басқарылатын көліктік «Союз МС-10» кемесін алып шығуы тиіс «Союз ФГ» зымыран тасығышы ұшырылды. Бірақ старт берілген соң бірнеше минуттан кейін Роскосмос сайтындағы тікелей көрсетілім үзіліп, диктор «зымыран тасығыштың апатқа ұшырағанын» хабарлаған еді.



Соңғы жаңалықтар