08:48, 21 Ақпан 2021 | GMT +6
Ресей-моңғол шекарасында жер сілкінді
МӘСКЕУ. ТАСС-ҚазАқпарат -Жексенбіде сейсмологтар Ресей мен Моңғолия шекарасына жақын маңда жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл жайында Еуропа Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы мәлімет таратты.
Жер сілкінісінің магнитудасы - 5,0.
Жер дүмпуінің эпицентрі Тыва Республикасының Қызыл қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 195 шақырым қашықтықта орналасқан.
Зілзала ошағы 60 шақырым тереңдікте болған.
Елдімекендердің қирауы немесе зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.