Ресей «Зенченко және К» компаниясынан экспорттық шектеуді алып тастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық бірқатар компания өнімдерінің Ресейге экспортталуына салынған тыйым алынып тасталды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, «Зенченко және К», «J.F.M. company» және «Айсберг ПВ» ЖШС өз өнімдерін РФ-ға қайта экспорттай алады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ресей ауылшаруашылық бақылау қызметі «Зенченко және К» компаниясының өнімінен ішек таяқшасын анықтағанын мәлім еткен еді. Осыған байланысты биылғы жылдың 5 қыркүйегінде өнімдерді Ресей Федерациясының аумағына кіргізуге тыйым салынды.

Сондай-ақ, Ресей ауылшаруашылық бақылау қызметі тағы екі компанияның дайын өнімдерінің құрамында жеке көрсеткіштер артық болғанын мәлімдеген болатын. Алайда қазақстандық және Ресей Федерациясының дербес зертханаларынан ешқандай заңбұзушылықтар анықталған жоқ. Қалыптасқан жағдайға байланысты ҚР ҚР Сауда және интеграция министрлігі Еуразия экономикалық комиссиясы алқасына аталмыш мәселені комиссия алаңында шешу мәселесі бойынша жүгінуге мәжбүр болған.

«Биылғы жылдың 9 қазанында қазақстандық тараптың ресейлік әріптестерімен өткен консультациясының қорытындысы бойынша қойылған шектеуді алып тастау шешімі қабылданды», - деді министрліктен.

Соңғы жаңалықтар