Ресейде COVID-19 коронавирус инфекциясына қарсы екпе сынақтан өткізіліп жатыр

None
None
МӘСКЕУ. ТАСС - ҚазАқпарат – Ресейдің Тұтынушылар құқығын қорғау саласын қадағалау федеральдық қызметі (Роспотребнадзор) жаңа коронавирусқа қарсы екпені сынақтан өткізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Ресейде COVID-19 эпидемиясын бақылау және алдын алу үшін Роспотребнадзор қысқа уақыт ішінде алты түрлі технологиялық платформаға негізделген вакцина прототипін жасап шығарды», - делінген ведомствоның хабарламасында.

Ведомствоның мәліметінше, сарапшылар екпені кең пайдаланылатын тұмаудың рекомбинанттық вирус векторы негізінде жасаған.

«Жаңа екпені жасап шығару кезінде заманауи биологияда in vivo жүйесінде – сезімтал зертханалық жануарларға зерттеу жүргізу қажет», - деп түсіндірді Роспотребнадзор.


Соңғы жаңалықтар