Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны 4 миллионнан асты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ТАСС-ҚазАқпарат – Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны тәулік ішінде 14 494 адамға артты, бұл ретте тәулік көрсеткіші 17 бері алғаш рет 15 мың адамнан аз болды. Вирус жұқтырғандардың жалпы саны 4 012 710 адамға жетті. Бұл туралы ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Әлем бойынша коронавирус жұқтырған адамдардың ең көп тіркелген елдердің арасында Америка Құрама штаттары (27,2 млн жуық), Үндістан (10,9 млн жуық) және Бразилия (шамамен 9,6 млн адам). Ресей елі бұл тізімде төртінші орында тұр.

Алдағы уақытта Ұлыбританияда да бұл көрсеткіш 4 млн адамнан асуы әбден мүмкін.

Ресейдің коронавирусқа қарсы күрес жүргізу жөніндегі жедел штабтың мәліметтерінше, ауру жұқтыру бойынша жаңа оқиғалар санының өсімі 0,36 пайызды құрап отыр.

Өсімнің тәулік ішіндегі ең аз қарқыны Тыва Республикасында, Ненец АА, Хакасия, Магадан облысы (по 0,1 пайыздан), Ямал-Ненецк АА, Ханты-Мансийск АА, Еврей АА, Амур облысы, Алтай Республикасы, Ингушетия және Шешенстан республикасында (0,2 пайыздан) тіркелген.

Атап өткенде, тәулік ішінде Санкт-Петербор қаласында 1169 адам, Нижегород облысында – 456 адам, Воронеж облысында – 362 адам, Ростов облысында – 349 адам және Самара облысында – 302 адам ауру жұқтырған.

Қазіргі кезде Ресейде 418 115 адам ем қабылдап жатыр.

Елде ауру жұқтыру деңгейі төмендеп келеді: соңғы жеті күннің ішінде Ресейде тәулік ішінде әрбір 100 мың адамның ішінде 10,9 оқиға тіркелген, бұл қазан айының соңғы онкүндігіндегі көрсеткіштерге сәйкес келіп тұр.

Коронавирустан жазылған ресейліктер саны тәулік ішінде 22 575 адамға көбейген. Жалпы алғанда, елде 3 516 461 адам сауығып шықты.

Өткен тәулікте Ресейде вирустан көз жұмғандар саны 536 адам (бұған дейінгі тәулікте – 530 адам). Ел бойынша ауыр дерттен 78 134 пациент қайтыс болды.


Соңғы жаңалықтар