Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны 658 адамға жетті

None
None
МӘСКЕУ. ТАСС-ҚазАқпарат - Ресейде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны соңғы тәулікте 163-ке артып, 658 адамға жетті. Ауру жұқтырғандар елдің 55 өңірінен табылды. Қазіргі уақытта 29 адам сауығып шықты, деп мәлім етті сәрсенбі Ресейдің премьер-министрі Татьяна Голикова. Бұл туралы ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Ресейде қазіргі уақытта елдің 55 өңірінде 658 адам коронавирусқа шалдықты. 29 адам жазылып шықты. 112 мың адам оқшауланып, бақылауға алынды», - деді ол.

Мәскеу мен Санкт-Петербургтегі екі зертхана 25 наурыздан бастап коронавирусқа тестілеуді бастайды.


Соңғы жаңалықтар