+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Ресейде қылмыс жасап, қашып жүрген 47 жастағы әйел Қазақстанда ұсталды

2019 жылғы 12 желтоқсан 16:49
Бөлісіңіз:
Ресейде қылмыс жасап, қашып жүрген 47 жастағы әйел Қазақстанда ұсталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері көлік полицейлері қазақстандықтарға 95 млн теңгеге жуық айыппұл салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат көліктегі полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Жамбылда ұрланған 122 бас қой табылып, иесіне қайтарылды Вашингтонда болған атыстан бір адам қаза тауып, жиырмасы жараланды Атырауда тұрғындарды қаржы пирамидасына тартқан азамат ұсталды

«9-13 желтоқсан аралығында ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің қызмет көрсететін учаскелерінде «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр», – дейді департаменттің әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жасұлан Байкенов.

Ж. Байкеновтің айтуынша, жоғарыда көрсетілген іс-шараның 3 күні ішінде 18 қылмыстық құқық бұзу фактісі тіркелді, оның 13-і кезекші тәулікте ашылды. Сондай-ақ бұрын жасалған 4 қылмыс ашылды.

Іс-шара барысында көлік полицейлері іздеуде жүрген 8 қылмыскерді ұстады. Көліктегі ПД іздестіріп жүрген қылмыскерлердің ішінен ТМД елдерінің құқық қорғау органдары үшін – 3, ҚР аумақтық ІІО үшін – 4.

10 желтоқсанда Көкшетау станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Ресей Федерациясы ҚК 158-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін 47 жастағы Ресей азаматшасын ұстады.

Сондай-ақ, әртүрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 195 құқықбұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тыйым салынған заттарды заңсыз сақтағаны және алып жүргені үшін 6 адам ұсталды.

Қазақстан Республикасында жүріп-тұру ережелерін бұзғаны үшін 21 шетелдік ұсталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 2-еуі алыс шетелден келген (Конго Республикасы және Германия).

Шара аясында кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзудың алдын алу, олардың құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында теміржол бойының төсеміне жақын орналасқан орта мектептерде профилактикалық дәріс өткізілді.

«Оқушыларға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің және Қылмыстық кодексінің баптары түсіндірілді. Сондай-ақ жасөспірімдерге темір жол көлігі объектілеріндегі жүріп-тұру ережелері жеткізілді»,- деп түйіндеді сөзін полиция подполковнигі.

Естеріңізге сала кетейік, жыл басынан бері КПД қызметкерлері әртүрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 50 041 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты. Оларға 94 млн 969 626 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT