Ресейде Ми-28Н тікұшағы апатқа ұшырады

None
None
МӘСКЕУ. ТАСС – ҚазАқпарат – Ресейдің Краснодар өлкесінде Ми-28Н тікұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлады ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«2019 жылдың 11 желтоқсанында Мәскеу уақытымен сағат 23:00-де Краснодар өлкесінде түнгі уақытта күрделі метеорологиялық жағдайда өткізілген оқу-жаттығуы кезінде Кореновск әуе айлағының маңында Ми-28(Н) тікұшағы апатқа ұшырады», - деді агенттік.

Тікұшақ толықтай қирап қалған. Экипаждың екі мүшесі – ұшқыш пен штурман қаза тапты.

«Тікұшақ толықтай қираған, экипаждың мәйіті танылды. Олар тәжірибелі ұшқыштар болатын», - деді дереккөз. Ол мерт болғандардың бірі – әуе полкі командирінің орынбасары екенін нақтылады.

РФ Қорғаныс министрлігінен апат болған жерге тексеру жүргізу үшін Әуе-ғарыш күштері Бас қолбасшылығының комиссиясы жіберілгенін мәлім етті.

Өңірдің жедел қызметіндегі дереккөздің айтуынша, тікұшақ әскери бөлім аумағынан табылған.

«Оны таптық. Әскери бөлімнің аумағынан табылды. Жерді қою тұман басып қалғандықтан, қатты қонған екен», - деді агенттік дереккөзі.

Айта кетсек, Ми-28Н «Түнгі күзетші» тікұшағы – жаудың түрлі техникасын, соның ішінде танкілерді іздеуге және оны жоюға арналған екпінді тікұшақ. Ми-28Н ең жоғары жылдамдығы – 300 км/сағ.
Соңғы жаңалықтар