Ресейде радардан жоғалған жолаушылар ұшағы табылды

None
None
Мәскеу. ТАСС-ҚазАқпарат - Томск облысында радардан жоғалып кеткен АН-28 жолаушылар ұшағы табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.

Томск облысында АН-28 ұшағымен болған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Томск маңындағы АН-28 апаты қозғалтқыштың істен шығуынан болуы мүмкін.

«Ұшақ табылды. Сондай-ақ экипаж бен жолаушылар зардап шекпегенін айтты», - деп жазды агенттік.

Бұл ақпаратты Төтенше жағдайлар министрлігі де растады. Бортта 19 адам, оның ішінде екі бала және төрт экипаж мүшесі болған.


Соңғы жаңалықтар