Ресейдегі Қазақстанның Елшілігінде қазақстандық жұп некелесті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ресейдегі Қазақстанның Елшілігінде қазақстандық медицина қызметкерлері – Данияр мен Динара некеге отырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Коронавирус пандемиясы әлемдегі дәстүрлі өмір сүру салтын қатты өзгертіп жіберді. Алайда туындаған қиындықтарға қарамастан кейбір жастар ірге құрап, отау көтеріп жатыр. Бүгін Мәскеуде Ресейдегі Қазақстанның Елшілігінде жастар некеге отырды», - деп хабарланды Елшіліктің Facebook -тегі парақшасынан.

Осылайша 26 жастағы екі медицина қызметкері Данияр Жиенғалиев пен Динара Салықова отбасы құрып отыр. Қазіргі уақытта олар А.Н.Бакулев атындағы Ұлттық медициналық жүрек-тамырлы хирургияны зерттеу орталығы мен Н.Н.Блохин атындағы Ұлттық медициналық онкологиялық зерттеу орталығында еңбек етеді.


Отау құрған жастар жеті жыл Ақтөбедегі М.Оспанов атындағы БҚО медицина университетінде білім алған. Алайда тек Мәскеуде танысқан. Мәскеуде олар жоғарыда аталған медициналық орталықтарда ординатурада оқуын жалғастырған. Танысқанына екі жыл болған жастар үйленіп, отбасы құру туралы шешімге келген.

«Елшілікке барып некемізді тіркейтінімізді бірден келістік. Аздап алаңдап тұрғанымызбен бақыттымыз. Біз үшін бүгін ертегіге бергісіз бақытты күн», - дейді Данияр мен Динара.

Індеткен байланысты той күні кейінге шегеріліп отыр. Алайда жастар туындаған қиындық махаббаттарын тек қуаттай түсетініне сенімді.


Соңғы жаңалықтар