+7 (701) 759 90 19
USD 435.76 EUR 493.41
RUB 5.89 CNY 68.37
Jańalyqtar

Ресейдің Пермь қаласы маңындағы мектепте оқ атылды

2021 жылғы 18 қазан 11:32
Бөлісіңіз:
Ресейдің Пермь қаласы маңындағы мектепте оқ атылды

МӘСКЕУ. ТАСС-ҚазАқпарат – РФ Пермь өлкесіндегі Сарс кентінде оқушы қарудан оқ атқан, зардап шеккендер жоқ. Бұл туралы дүйсенбі күні құқық қорғау органдарының дереккөзінде жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Астанада салынып жатқан мектептердің көбі неге Алматы ауданында - әкім жауап берді АҚШ-та оқушы мектепке қарумен келіп үш адамды атып өлтірді Түркістан облысында 4 мектеп пайдалануға берілді

«Пермь өлкесіндегі Сарс кентінде бір оқушы мектепке қару алып келген. Ол төбеге бір рет оқ атып үлгерген. Оқиға кезінде оқу орнында тек қана күзетші әйел болған, ол зардап шеккен жоқ», - делінген дереккөзде.

Мектеп оқушысы ұсталды. Оның бұл әрекетінің себебі анықталып жатыр. Оқ атылған қарудың түрі де анықталуда.

ТАСС ақпаратын Ішкі істер министрлігінің Бас басқармасы растады.

Айта кетейік, осыған дейін Перьм қаласындағы университтет атыс болып, 7 адамның мерт болғанын жазған едік.

Осы оқиғаға қатысты Қазақстанның Білім және ғылым министрі пікір білдірді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT