19:19, 21 Наурыз 2020 | GMT +6
Ресейдің Сыртқы істер министрі «Барыс» орденімен марапатталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қазақстанның «Барыс» орденімен нагрдатталды. Бүгін Ақорданың баспасөз қызметі аталмыш марапат туралы Мемлекет басшысының Жарлығын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. .
С.В. Лавровты І дәрежелі «Барыс» орденімен наградтау туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы арасындағы жан-жақты ынтымақтастық және стратегиялық серіктестікті дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Викторович Лавров І дәрежелі «Барыс» орденімен наградталсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Қ.Тоқаев
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 21 наурыз
№ 291