Ресейлік шекарадан 120 грамм алтын құйманы заңсыз алып өтпек болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ресейлік азамат контрабандалық жолмен 120 грамм қолдан құйылған алтын құйманы шекараан алып өтпек болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҰҚК сілтеме жасап.

«Шекарашылар Қостанай облысы «Қайрақ» автокөлік өткізу пунктінде Ресей азаматынан автокөлігінің шанағына жасырған жалпы салмағы 120 грамм қолдан құйылған алтын

құйманы тапты. Ол алтынды Ресейге алып өтпек болған.Ұсталған адам және контрабандалық жүк Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне әрі қарай тексеру үшін тапсырылды», - делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар