Республика бойынша жеті учаскеде жол жабылған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқтоЖол» ҰК» АҚ мәліметінше, дәл қазіргі сәтте республика бойынша 7 автожолда көлік қозғалысына тыйым салынған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, мына учаскелерде жол жабық:

1. Омбы-Майқапшағай, км 910-1002 (Қалбатау-Көкпекті)

2. Өскемен-Риддер-РФ шекарасы, км 15-105 (Белоусовка-Риддер) (жүк және қоғамдық көлік)

3. Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы, км 15-105 (Глубокое-Шемонаиха) (жүк көлік)

4. Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы, км 105-123 (Шемонаиха-РФ шекарасы)

5. Үшарал-Достық, км 83-184 (Көктума-Достық)

6. Самара-Шымкент, км 1939-2057 (Шиелі-Түркістан обл.шекарасы)

7. Семей-РФ шекарасы, км 59-113 (Дмитриевка-РФ шекарасы)

Айта кетейік, қазіргі сәтте республикалық автожолдарда 516 техника жұмыс істеп жатыр.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ жүргізушілерге жол ережесін сақтау, рұқсат етілген жылдамдықтан асырмау және қауіпсіз қашықтықты сақтау қажеттігін ескертеді. Сонымен қатар, сапарға тек қысқы дөңгелекпен шығуға кеңес береді.

Барлық сұрақтар бойынша 1403 нөміріндегі байланыс орталығына хабарласуға болады.

Соңғы жаңалықтар