Республикалық діни бірлестіктердің өкілдері қарттар үйінде болды - Ақмола облысы

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы Аққайың ауылындағы қарттар үйінің «Шапағат» орталығында ҚР Тәуелсіздігінің 28 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстан және оның халқының рухани тірегі» атты республикалық діни бірлестіктер өкілдері жиналысының тақырыптық 4-ші отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығына сілтеме жасап.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің қолдауымен конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы ұйымдастырған шараға мемлекеттік органдар мен еліміздегі діни бірлестіктердің, ғылыми-сарапшы қауымдастықтың және БАҚ өкілдері қатысты.

Шараның биылғы жылдың тамыз айында өткен 3-ші отырыста еліміздегі діни бірлестіктер, ассамблея өкілдері қабылдаған маңызды практикалық шешімдердің аясында өткізілгенін ерекше атап өткен жөн. Осы отырысқа қатысушылардың шешімдері аясында «Шапағат» орталығы, ислам, христиан және басқа дін өкілдері өкілдерінің ұсынысы бойынша, бастапқыда қазақстандықтардың аға және жас буын өкілдерін біріктіріру, жас егеменді мемлекеттің қалыптасу тарихы мен оның құрылуындағы еңбек ардагерлерінің іргелі үлестері туралы пікір алмасу алаңы ретінде анықталған болатын.

Дін істері комитетінің төрағасы Е.Нүкежанов өз сөзінде шараның Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында өткізу маңыздылығын атап өтті.

«Осы шараның бүгін өткізіліп отырғаны кездейсоқ емес, себебі егемен мемлекеттің Тұңғыш Президентімен бірге қол ұстасып, жас тәуелсіз мемлекет құру және оны нығайту жолында ерең еңбек еткен аға буын қазақстандықтар екендігіне айрықша көңіл аудару қажет.

Мұндай адамдардың өмірлік тәжірибесі, олардың рухани құндылықтары, батылдығы мен даналығы тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуының қиын заманында көрініс тапты - бүгінде бұл таңғажайып оқиға, ол адамдар мен мемлекеттің тағдырын бір тұтасымен біріктіреді»,- деді ол.

Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы төрағасының орынбасары Р.К.Сәкеев «Шапағат» орталығының әрбір тұрғыны мемлекетіміздің қалыптасуы мен дамуына, оның астанасының гүлденуіне елеулі үлес қосқанын атап өтті.

Әсіресе еліміздің діни қайраткерлерінің сөздері жүрекке жылы әрі терең мағынада айтылды.

«Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Бақытжан Өткелбаев тәлім-тәрбие, әдеп, әсіресе аға буын мен кіші буын арасындағы қарым-қатынасқа ерекше назар аударды.

Сонымен қатар, ол сан ғасырлардан бері сақталып келе жатқан қазақ салт-дәстүрлері, жасы келген қарттарға құрмет көрсету, қамқорлық пен сүйіспеншілік тәрізді рухани құндылықтарды ұрпақтан ұрпаққа табыстау маңыздылығы жайлы айтты.

Қазақстанның католик және Евангелдік-лютерандық шіркеуі, Нұр-Сұлтан қаласы Жетінші күн адвентистері шіркеуі, Астаналық христиандық Елуіншілер шіркеуі, Бахаи қауымдастығы өкілдері Қарттар үйінің тұрғындарына тілектерін арнады.

Кең ауқымды мәселелерді қарастыратын жиналыстың дәстүрлі өткізілетін іс-шараларына қарағанда, бұл отырыс алғашқы рет жаңа форматта – қайырымдылық акциясы форматында өткізілді. Қарттар үйінің тұрғындарына құнды сыйлықтар табысталып, мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Өз кезегінде «Шапағат» орталығының тұрғындары Н.Назарбаев орталығына және республиканың діни қайраткерлеріне өткізілген кездесу үшін, көрсетілген ықылас үшін алғыстарын білдірді.

Шара Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан әзірленген мерекелік дастарханмен тәмамдалды.

Соңғы жаңалықтар