Ревакцинациядан кейін «жасыл» мәртебе қанша уақыт сақталады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Светлана Сұлтанғазиева онлайн брифинг барысында ревакциналанған қазақстандықтардың «жасыл» мәртебесі қанша уақыт сақталатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ревакцинация алғандарда «жасыл» мәртебе тағы бір жылға, яғни 12 айға ұзартылады» - деді Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Светлана Сұлтанғазиева.

Бүгінгі күні ревакцинациядан 122 960 алматылық өтті.

Бұған дейін Алматыға «Спутник Лайт» вакцинасының 12 мың дозасы жеткізілгені туралы жазған болатынбыз.

Басқарма мәліметінше, «Спутник Лайт» вакцинасы ревакцинацияға, яғни, толық иммундау мерзімі аяқталғаннан кейін қайта вакциналауға арналған.


Соңғы жаңалықтар