+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Риддердегі өрт: Баспанасыз қалғандарға жаздың соңына дейін жаңа үй беріледі

2021 жылғы 11 мамыр 15:30
Бөлісіңіз:
Риддердегі өрт: Баспанасыз қалғандарға жаздың соңына дейін жаңа үй беріледі

РИДДЕР. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында алапат өрттен баспанасыз қалғандарға жаздың соңына дейін жаңа үй беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Шығыс Қазақстанда дала өрті 25 гектар жерді шарпыды Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны өз үйінде қаза тапты Ертіс орманы» резерватындағы бес өрт ошағы сөндірілді

Аймақ басшысы Даниал Ахметов тілсіз жаудан зардап шеккен Риддер тұрғындарымен кездесті. Өз сөзінде ол тамыз айының соңына дейін баспанасыз қалғандардың әрқайсысына жаңа үйдің кілті берілетіндігін жеткізді. Бес құрылыс компаниясы Ботаника ықшамауданында жеті үйден тұрғызады.

Қазір оқиға орнында комиссия мүшелері жұмыс істеуде. Олар нақты келтірілген материалдық залал мөлшерін есептеп, азаматтарға құжаттарын қалпына келтіруге септігін тигізеді.

«Бұзылған үйлерді қалпына келтірмейміз. Үйінен айырылған әр адамға 80 шаршы метрлік баспана беріледі. Әуелде құрылысы аяқталмаған 9 қабатты тұрғын үйді сатып алу жоспарланған болатын. Алайда 1996 жылғы үйдің іші әрленбеген әрі қажетті коммуникация тартылмаған. Оның иесі шаршы метрі үшін 179 мың теңге сұрап отыр. Ал жеке сектордағы жаңа үйдің шаршы метрінің құны – 160 мың теңге. Бұл бюджет қаржысына да үнем болады. Үйлер тұрғындарға еш ақысыз беріледі», - деді Даниал Ахметов.

Қазіргі кезде сәулетшілер 35 үй аумағын бөлуде, сосын бірден құрылыс жұмыстары басталмақ.

Естеріңізге сала кетсек, 10 мамыр күні ШҚО-дағы Риддер орман шаруашылығында өрт шықты. Дала өрті 310 гектар аумақты шарпып, 1 адам қаза тапты. Өртке байланысты шұғыл желі іске қосылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі өрттен зардап шеккен Лесхоз кентінің тұрғындарына көмек көрсетіп, баспанамен қамтамасыз етуді тапсырды. Полиция қызметкерлері өртке қатысты күдіктіні ұстады.
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT