Римдегі халықаралық турнирде қазақстандық еркін күрес балуандары үш медаль алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Римде (Италия) күрес түрлерінен Matteo Pellicone атты халықаралық рейтингілік турнир өтіп жатыр. Аталған жарыста қазақстандық балуандар үш медальға қол жеткізді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Жарыстың соңғы күнінде кілемге 57, 61, 65 және 74 келідегі балуандар шықты. 61 келіге дейінгі салмақта Нұрислам Санаев күміс, дәл осы салмақта тағы бір балуан Нұрболат Абдуалиев қола жүлде еншіледі. Ал 74 келіге дейінгі салмақта Данияр Қайсанов үшінші орыннан көрінді.

Айта кетерлігі, аталған бәсекеде 125 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Юсуп Батырмұрзаев қола жүлдегерлер қатарынан көрінген болатын.



Соңғы жаңалықтар