Римнің кардинал-викариясынан коронавирус анықталды

None
None
РИМ. ҚазАқпарат – Дүйсенбі күні Рим епархиясындағы Франциск папасы викариясы, кардинал Анджело де Донатистің коронавирусқа тестісі оң нәтиже бергені белгілі болды.

Денсаулығының нашарлауына байланысты кардинал Римдегі ауруханаға жатқызылды. Сақтық шаралары ретінде оның жақын көмекшілері карантинде болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

66 жастағы Де Донатис соңғы уақытта Франциск Папасымен кездеспеген.

Коронавирус Италияда 11 591 адамның өмірін қиған.


Соңғы жаңалықтар