Рио де Жанейрода полиция операциясынан 21 адам мерт болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бразилияның Рио де Жанейро қаласында заңсыз есірткі айналымымен күрес операциясы барысында кем дегенде 21 адам мерт болып, 4-еуі жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Xinhuanet.com сайтына сілтеме жасап.

Операция Вила-Крузейро шағын ауданында болған, мұнда қаланың ірі қылмыстық тобы құқық қорғау органдарына қарулы қарсылық көрсеткен.

Салдарынан 11 қылмыскердің көзі жойылған. Бір әйелге кездейсоқ оқ тиген және 9 мәйіт танылған жоқ. Жергілікті есірткі сатушылар пайдаланған 11 мылтық, 4 тапанша және 1 граната, сондай-ақ үлкен көлемдегі есірткі құралы, 10 автомобиль мен 20 мотоцикл тәркіленді.


Фото: reuters.com
Соңғы жаңалықтар