Роджер Федерер - швейцариялық монетада көзі тірісінде бейнесі салынған алғашқы адам

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Швейцариялық теннисші Роджер Федерер көзі тірісінде осы елдің Монета сарайының шақасында бейнесі салынған алғашқы адам болды. Бұл туралы швейцариялық Blick басылымы хабарлады.

38 жастағы спортшының бейнесі мерекелік номиналы 20 франктік күміс монетаға пайдаланылған. Бұл тиын 2020 жылы қаңтар айында ресми шығарылады.

Монета сарайы 55 мың шақа шығармақ, егер сұраныс жоғары болса, тағы 40 мыңын шығару жоспарланып отыр. Ал мамырда Федерер бейнеленетін номиналы 50 франктық мерекелік алтын монета да айналымға жіберіледі.

«Швейцарияға және Монета сарайына маған деген адам сенбестік қамқорлық жасағаны үшін алғыс айтамын»,- деп жазды Федерер Twitter-де.

Айта кетер болсақ, Роджер Кәсіби теннисшілер қауымдастығының тізімінде үшінші болып тұр және ұйым аясындағы 103 турнирде ұтқан. Сондай-ақ Үлкен дулыға бәсекесінде 20 рет жеңімпаз атанып рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Ол алты рет Австралияның ашық чемпионатында, бір рет Францияның ашық чемпионатында жеңіске жетті. Бұған қоса Уимблдонның –сегіз. АҚШ Ашық чемпионатының бес рет жеңімпазы. Ол жұптық сында 2008 жылғы Олимпиадада чемпионы атанды.

Соңғы жаңалықтар