Роман Скляр ГФР бизнесмендерімен кездесті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Осы жылдың 20 қаңтарында Германия Федеративтік Республикасының Дортмунд қаласында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Роман Склярдың неміс бизнесінің өкілдерімен кездесуі өтті.

Кездесуге 40-тан астам неміс компанияларының басшылары қатысты, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.

«Екіжақты қарым-қатынас тәжірибесі Германияның сенімді серіктес екенін көрсетеді. Біз бір орында тұрмаймыз және сізбен бірге барлық бағыттар бойынша ынтымақтастықты кеңейту және дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер тапқымыз келеді. Қазақстанда герман капиталының қатысуымен 1000-нан астам кәсіпорын жұмыс істейді», - деп атап өтті Р. Скляр өз сөзінде.

Үкімет басшысының орынбасары екі ел арасындағы серпінді бизнес-ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктеріне, неміс инвестицияларын тартуға, өнеркәсіп, энергетика, ауыл шаруашылығы салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру жөніндегі нақты мәселелерді талқылауға және Қазақстан экономикасы үшін аса маңызды бағыттарға тоқталды.


Соңғы жаңалықтар