«Российская газета» басшысы: Оқырманға айтатын Қазақстан туралы жағымды жайттар көп

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Российская газета» басылымының бас директоры Павел Негоица елімізде болып жатқан жайттарды Ресей жұртына ақпарат ретінде таратуға қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз оқырмандарымызға құлақ асамыз. Кез келген редакцияның әріптестерімен серіктес болуына мүмкіндігі бар. Бірақ біз ынтымақтастықты жасанды түрде құрғымыз келмейді. Осы сәттен бастап қазақстандық әріптестеріміз Мәскеуде серіктесі бар екенін біліп, барлық жағдай бойынша бізге жүгіне алады. Қазақстандық әріптестер тарапынан да өзара түсіністіктің орнайтынына сенемін. Біз - қоғамдық-саяси басылымбыз. Біз саясатты, әлеуметтік саясатты, спортты, мәдениетті және қоғамды қамтамыз. Бізде тақырып бойынша шектеу жоқ. Және бізді посткеңестік кеңістік пен Еуразия аумағында болып жатқан оқиғалардың барлығы қызықтырады. Заман күн санап өзгеріп жатыр, кейде көз алдымызда үлкен өзгерістер болып жатады. БАҚ саласы да көштен қалмауы керек», - деді Павел Негоица.

«Егемен Қазақстан» АҚ мен «Российская газета» серіктестік туралы келісімге қол қою барысында екіжақты шеберлік-сыныптарын өткізу мәселесі де қозғалды.

«Өздеріңіз білетіндей, пандемияға байланысты көптеген шаралар мен маңызды жиындар онлайн форматта өтіп жатыр. Сондай-ақ, білім алуда қашықтан оқыту жүйесіне ауысқаны белгілі. Осы орайда біз осындағы әріптестерімізбен материал дайындау, әлеуметтік желімен жұмыс, контент іздеу және оны тарату секілді тақырыптарда бірлескен тәжірибе алмасу шарасын ұйымдастыруға болады. Шараны онлайн өткізуге болады. Сондықтан біз ашықпыз, бар тәжірибемізбен бөлісуге дайынбыз», - дейді ол.

Сондай-ақ, ресейлік басылымның басшысы Қазақстанда қандай тақырыптар мен салалар қызықтыратынын айтып берді.

«Мен Қазақстанда кедейлікпен күресте ауқымды жұмыс істеліп жатқаны туралы мақала оқыдым. Жалпы бүгінде кедейлік ұғымымен күресте Қытай алдыңғы орында. Бізде белгілі санаттар бар. Бірақ Қазақстанды Ресеймен салыстыра бастаған кезде, сіздер де біраз жұмыстың жасалғанын байқадық. Оқырманға айтатын Қазақстан туралы жағымды жайттар көп. Қала құрылысы бойынша да Қазақстанның тәжірибесі қызықты. Және халықаралық саясат ол күн тәртібінен түспейтін тақырыптың бірі», - деді П.Негоица.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін елордада «Егемен Қазақстан» АҚ мен «Российская газета» серіктестік туралы келісім жасасты.


Соңғы жаңалықтар