Роза Рымбаева көпшіліктің сұрауымен онлайн режимдегі екінші концертін ұсынады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова «Карантиндегі жұлдыз» жобасы жалғасатынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мәдениет және спорт министрлігі елде төтенше жағдай жарияланғалы бері өнер мен спорттың баршаға қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында онлайн нұсқадағы жұмыс тәртібіне көшті. Барлық республикалық өнер ошағы кестеге сәйкес күн сайын қойылымдарын онлайн-режімде өз сайттарында, You Tube арналары мен әлеуметтік желілерде жариялап келеді. Жалпы республика бойынша мәдениет және спорт мекемелерінің 90 пайызына жуығы қашықтан жұмыс режиміне ауыстырылды. Күн сайын таңғы 08-00-ден бастап кешкі 09-00-ге дейін мәдениет және спорт саласының өкілдері қазақстандықтарға үйден шықпай, бой жазу жаттығуларын жасап, түрлі кездесулер, лекциялар, концерттер өткізіп келеді», - деді министр ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Ақтоты Райымқұлованың айтуынша, кешкі уақытта мәдениет майталмандары көрермендерге әсем әндері мен әуезді күйлерін арнауда.

«Жалпы министрліктің бастамасымен қолға алынған жаңа форматтағы жұмыс тәртібі бүгін де жалғасып, қазір жергілікті өнерпаздардың қатысуымен онлайн кездесулер мен лекциялар, концерттер өтіп жатыр. Соңғы 10 күнде 600-ге жуық онлайн-шара өткізілді. Бұл ретте басталғанына көп болмаса да көрерменнің ыстық ықыласына бөленген «Карантиндегі жұлдыз» жобасы туралы айтқым келеді. 23 наурызда алғашқы эфирі шыққалы бері «Қазақтелеком» бірлесіп, өткізіп келе жатқан концерттер LIVE форматында ұйымдастырылып келеді. Кеш барысында қазақстандықтар әлеуметтік желілер арқылы өнер жұлдыздарымен тікелей сұхбаттасуда. Осы жоба басталғалы бері Жұбаныш Жексенұлы, Сәкен Майғазиев, Жеңіс Сейдуллаұлы, Медеу Арынбаев, Ғаділбек Жанай, Нұржан Керменбаев, Роза Рымбаева сияқты жұлдыздарымыз өнерін халыққа арнады»- дед ол.

Ақтоты Райымқұлова бұл ретте Роза Қуанышқызының өнерін Мемлекет басшысы жоғары бағалағанын еске салды.

«Бұл бізге үлкен абырой жүктейтін зор жауапкершілік. Аңдатпа ретінде айта кетсек, көрерменнің сұрауы бойынша Қазақстанның Халық әртісі бүгін де екінші онлайн концертін ұсынады», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар