+7 (701) 759 90 19
USD 430.39 EUR 515.52
RUB 5.68 CNY 66.03
Jańalyqtar

Рождество мейрамы әуелден адамзаттың ең жақсы қасиеттерін белгілеп берді - ҚХА

2021 жылғы 7 қаңтар 14:40
Бөлісіңіз:
Рождество мейрамы әуелден адамзаттың ең жақсы қасиеттерін белгілеп берді - ҚХА

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы Ассамблеясы православ христиандарын және барша қазақстандықтарды жарқын мереке – Христос Рождествосымен құттықтады. ҚазАқпарат ұйымның құттықтауын жариялайды.

Құрметті отандастар!

Рождество мейрамы әуелден адамзаттың ең таза және ең жақсы қасиеттерін белгілеп берді, үміт сыйлады, мәдениет пен тарихты өзгертті. Ол ұлттық және әлеуметтік айырмашылықтарға қарамастан, қазіргі әлемнің рухани-мәдени және өнегелік келбетін қалыптастыруға үлкен әсер етті.

Қазақстанда православие басқа дәстүрлі діндермен қатар қоғамдық келісім мен бірліктің маңызды элементтерінің бірі болып отыр.

Қазақстандықтар Рождествоны әрдайым тату-тәтті тұрмыс кешу, өзара түсіністік пен бірін-бірі қолдау атмосферасында атап өтеді.

Біз бұған Тәуелсіздік жылдары Нұрсұлтан Назарбаевтың елімізде бейбітшілік пен келісім орнату саясатын ұстанудың арқасында қол жеткіздік.

Соның негізінде өзіміздің полиэтностық және поликонфессиялық қалпымызды стратегиялық артықшылыққа айналдырдық, ал Қазақстан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің орнына айналды.

«Ел бірлігі – оның әралуандылығында» моделі мемлекеттің табысты дамуының маңызды факторы болып қала береді.

Біз қазақстандық дәстүрлі құндылықтарға сүйене отырып, болашақты бейбітшілік пен келісім, құрмет пен әділеттілік қағидаттары негізінде құрамыз.

Қымбатты жерлестер!

Айтулы тамаша мерекені қарсы алып отырған азаматтардың барлығын құттықтаймыз. Шаңырақтарыңыз қуанышқа, жылу мен құт-берекеге толсын!

Осы қуанышты күні сіздерге зор денсаулық, бақыт және барлық игі істеріңізге табыс тілейміз!


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT