Рудныйда 2 жасар қыз бала терезеден құлап кетті

РУДНЫЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында 2019 жылы туған бүлдіршін екі қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің екінші қабатының терезесінен құлап, аман қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға 26 қаңтар сағат 16:35 кезінде Рудный қаласының Тобыл көшесінде болған.
2 жасар бала үйінде 20 жастағы әпкесімен бірге болған.
Әпкесі қонақ бөлмеде отырғанда, сәби ас үйдегі терезе маңында ойнап жанында ойнап жүрген.
Кенет ол ашық қалған терезеден сыртқа құлап кеткен.
Абырой болғанда бала үйілген қардың үстіне түскен. Кішкентай қыз бірден Рудный көпсалалы ауруханасына жеткізілді.
«Тексеруден кейін балалар бөлімінің дәрігерлері оның өміріне еш қауіп төніп тұрмағанын айтып, ауруханаға жатқызудың қажеті жоқ деген қорытындыға келді. Қазіргі уақытта бала үйде ата-анасының қарауында» дейді ведомствоның баспасөз хатшысы Уәлихан Досанов.
Облыстық ТЖД балаларды үйде қараусыз қалдырмауға, қауіпсіздік ережелерін барынша сақтауға шақырады.
Сонымен қатар терезелерге қауіпсіздік торын орнатуды ұсынады.
- Қызылордада бесінші қабаттан секіріп кеткен 14 жастағы қыз қайтыс болды
- Қарағандыдағы пәтерлердің бірінен 36 жастағы ер адамның мәйіті табылды
- Өскеменде отқа оранған үйден мүгедек әйел құтқарылды
- Лионда бомбаны залалсыздандыру үшін 4,5 мыңнан астам адам эвакуацияланды
-
Ақсай қаласында екі автокөлік түйісіп, жүргізуші ауруханаға түсті
-
Ауғанстанда 15 полицей содырлар шабуылының құрбаны болды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам