Рудныйда полицей көшеде талып қалған ер адамды құтқарды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Рудныйда полицияның кіші сержанты денесі дірілдеп құлап қалған ер адамға көмекке келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстың полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция қызметкері Аслан Мұқанов жұмысынан үйіне қайтып келе жатып, ер адамның кенет жерге құлап түскенін көрген. Оның денесі үздіксіз қалтырай бастаған.

Полицей бірден алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырады.

Оқиға орнына келген дәрігерлер ер адамның тірі қалуына дер кезінде көмектескен полиция қызметкерінің іс-әрекеті әсер еткенін атап өтті.

«Алғашқы көмекті бірінші рет көрсетіп тұрған жоқпын. Мәселе мынада, менің ағам да эпилепсиямен ауырады және адамдардың денсаулығында осындай мәселелер туындаған кезде не істеу керектігін білемін. Бұл жағдайда бірінші кезекте адамды қырына жатқызынып, демін қалпына келтіру керек», - деп атап өтті полиция қызметкері.

Полицияның кіші сержанты ішкі істер органдарында екі жылдан бері қызмет атқарады.

2021 жылдың мамыр айында ол уақытша ұстау изоляторының күзетшісі лауазымына тағайындалған.

Қазіргі уақытта ер адамның жағдайы бірқалыпты, ол үйінде. Рудный азаматы полиция қызметкеріне жедел әрекеті үшін алғысын жеткізді.


Соңғы жаңалықтар