Рудныйда тұрғын үй өртеніп, 2 адам көз жұмды

None
None
РУДНЫЙ. ҚазАқпарат – Рудный қаласында тұрғын үй секторы өртеніп, екі адам қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Рудный қаласы Б. Майлин көшесінде жеке тұрғын үйдің шатыры жанған.

Өрт 80 шаршы метр аумақты шарпыды. Оқиға орнында газ-түтіннен қорғау қызметінің 2 бөлімі жұмыс істеді. Өрт орнынан 1967 жылы туған үй иесінің мәйіті табылып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. Сонымен қатар 2007 жылы туған баланы түтіннен уланып қалды», - делінген ведомство хабарламасында.

Алайда, түтіннен уланған жасөспірім ауруханада қайтыс болды. Өрттің алдын ала себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы.

Айта кетейік, оқиға орнына ТЖД жеке құрамынан 16 адам және 3 техника жұмылдырылды.

Қостанай облысының ТЖД тұрғындарды электр сымдары мен электр құралдарын қараусыз қалдырмауға шақырады.


Соңғы жаңалықтар