+7 (701) 759 90 19
USD 432.64 EUR 505.02
RUB 5.47 CNY 64.7
Jańalyqtar

Рухани жаңғыру: Түркістан облысында «Абай оқулары» онлайн байқауы өтті

2020 жылғы 18 қыркүйек 12:56
Бөлісіңіз:
Рухани жаңғыру: Түркістан облысында «Абай оқулары» онлайн байқауы өтті

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Абай оқулары» онлайн байқауы өтті.

Ұқсас жаңалықтар
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы қашан табысталады Қызылордада «Абай» операсы тұңғыш рет сахналанды Әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен Абайдың 175 жылдығы: Маңғыстауда 500 орындық екі дәрісхана ашылды

Бұл байқау қазақтың ұлы ақыны Абай мұрасын кеңінен насихаттап, дарынды көркемсөз оқушыларын анықтау мақсатында ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Абай оқулары» онлайн байқауы халықтың әдебиетке және сөз өнеріне, ұлттық руханиятқа деген ықыласын арттыру бағытында өткізілді. Аталған іс-шара ағымдағы жылдың 27 тамызында басталып, 11 қыркүйекте аяқталған болатын. Байқауға облыс көлемінде 60-қа жуық үміткер қатысып, бақ сынасты. Байқаудың шарттарына сәйкес алғашқы кезеңде қатысушылар Абайдың кез-келген өлеңін мәнерлеп, жатқа оқып шықты. Ал, екінші кезеңде Абайдың қара сөздерін оқып өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында #Абайоқуларыруханижаңғыру хештегімен видеолар жүктеуі тиіс болатын. Байқау қорытындысының нәтижесінде үздіктер анықталып, марапатталды. Барлық жеңімпаздарға алғыс хаттар мен сыйлықтар берілді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT