Рульде мас күйде ұсталған Риддер тұрғыны өмір бойы көлік жүргізу құқығынан айырылуы мүмкін

None
None
РИДДЕР. ҚазАқпарат - Риддер қаласының тұрғыны көлікті мас күйде жүргізгені үшін өмір бойына көлік құралын басқару құқығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментіне сілтеме жасап.

24 сәуірде сағат 00:05-те Риддер қаласындағы өнеркәсіп базасы маңында патрульдік полиция қызметкерлері 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылған бола тұра, мас күйде көлік жүргізген 37 жастағы тұрғынды ұстаған.

«Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 346-бабы 1-бөлігімен «көлік құралын басқару құқығынан айырылған және масаң күйдегі тұлғаның көлік құралын басқару» фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Бірқатар сот сараптамасы тағайындалды, оның нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданады», делінген хабарламада.
Аталған қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру және өмір бойына көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы көзделген.
Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Айта кетерлігі, жыл басынан бері облыстық полиция департаментінің аумақтық бөлімшелері көлік құралын басқару құқығынан айырылған және мас күйдегі ткөлік жүргізген 33 факті тіркелген, 24 факті бойынша айыптау үкімі шығарылды.


Соңғы жаңалықтар