Румынияда өлтірілген қарашақаз Қазақстан орнитологтарына құнды ақпараттар жіберіп тұрған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өткен жылы Солтүстік Қазақстанда спутниктік хабар таратқыш тағылған қарашақаздың бірін болжам бойынша Румынияның оңтүстік-шығысында браконерлер өлтірген. Бұл жайында Қазақстанның биологиялық алуантүрлілікті сақтау қауымдастығының Facebook парақшасында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Болгария құстарды қорғау қоғамдастығы (BSPB) мен Румыния орнитологиялық қоғамдастығы (SOR) мамандарының хабарына қарағанда, осыдан екі күн бұрын қарашақаз Виктория ауылынан хабар беріп тұрған. Қазіргі уақытта сарапшылар мен жергілікті билік өкілдері ақпарат жинаумен айналысып жатыр.

Эмилия лақап аты берілген құс 10 ай бойы бірнеше елдің орнитологтарына миграциялық жылжу туралы құнды ақпарат беріп тұрған еді.

Бұған дейін Торғай даласына жіберілген ұрғашы құланды браконьерлер өлтірген болатын. Аталған құлан 2018 жылы Орталық Қазақстанда құландардың популяциясын қалпына келтіру бағдарламасы аясында жабайы табиғатқа жіберілген.


Соңғы жаңалықтар