С.Сейфуллинің 125 жылдығы: Көкшетауда ақындардың аймақтық мүшәйрасы өтті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда Сәкен Сейфуллинің 125 жылдығына арналған ақындардың аймақтық мүшәйрасы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасының шеңберінде Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен Ш.Құсайынов атындағы қазақ музыкалық драма театрында ұйымдастырылған жыр додасына Нұр-Сұлтан, Павлодар, Петропавл, Көкшетау қалаларынан келген онға жуық ақын қатысып, Сәкеңге арнау өлеңдерін оқыды.​

Ақындардың арасында Ардагерей Кәпұлы, Абзал Балтабай, Жанат Жанқош, Нұрислам Әбділ, Мұхаммед Қоңқаев,​ Бақытбек Бекмұратұлы, Абзал Балтабай сыңды өнер иелерінің жырлары көрермендердің көңілінен шықты.

Шара соңында мүшәйраға қатысқан ақындардың барлығы бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар