+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Сәби ұшақ бортында дүниеге келді

2019 жылғы 10 желтоқсан 16:47
Бөлісіңіз:
Сәби ұшақ бортында дүниеге келді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Рио-де-Жанейродан Чили астанасы Сантьягоға бара жатқан ұшақ Порту-Алегриге (Бразилия) қонуға мәжбүр болды. Ұшақ бортында сәби дүниеге келген. Бұл туралы G1 Бразилия жаңалықтар порталы хабарлады.

Ұқсас жаңалықтар
Ауғанстанда мина қойылған көлік жарылып, 7 полицей қаза тапты Маврикийде мұнай төгілуіне байланысты төтенше жағдай енгізілді Оңтүстік Кореяда көшкін жүріп, төрт адам қаза тапты

Жас ана отбасымен Бразилиядан Чилиге демалыстан қайтып бара жатқан. Әйел жүктіліктің 8-ші айлығында болған, дәрігер оған ұшақпен саяхаттауға рұқсат ететін анықтама берген. Ұшақ Сан-Паулу транзиттік әуежайынан ұшқаннан кейін толғағы басталған. Абырой болғанада, борттағы жолаушылар арасында жедел жәрдемнің екі қызметкері мен медбике бар болып шықты. Олар сәбидің өмірге келуіне көмектескен.

Борт 10 минут өткен соң Порту-Алегриге шұғыл қонып, босанған әйел сәбиімен бірге ауруханаға жеткізілді.

Ана мен баланың жағдайы жақсы. Сәбидің екі азаматтығы болады – Бразилия және Чили, себебі ол Бразилия аумағының үстімен ұшып бара жатқан шақта өмірге келді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақбөпе Әбдрасул

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT