+7 (701) 759 90 19
USD 420.65 EUR 505.03
RUB 5.64 CNY 65.01
Jańalyqtar

Садриддин Ахмедов Мексикада 3 титул үшін айқас өткізеді

2021 жылғы 27 қаңтар 16:45
Бөлісіңіз:
Садриддин Ахмедов Мексикада 3 титул үшін айқас өткізеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 29 қаңтар күні Мексиканың Куэрнаваке қаласында қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедов (11-0, 10КО) Нидерланд өкілі Стивен Даньоға (17-3-3, 6КО) қарсы жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Болгария турнирі: Қазақстандық боксшылар 6 медаль жеңіп алды Қамшыбек Қоңқабаев кәсіпқой бокста үшінші мәрте жеңіске жетті Софиядағы турнир: Қыздар құрамасының 3 боксшысы финалға шықты


ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстанның кәсіпқой боксы» парақшасында мәлім етілгендей, бастапқыда боксшылар орта салмақтағы 4 белдікті сарапқа салатыны айтылған: WBA Continental, NABF, WBC Francophone және NABO. Алайда, қазір BoxRec.com сайтында жекпе-жек профилінен NABO титулы алынып тасталған.

«Шоу ұйымдастырушысы - Eye of the Tiger Management компаниясы да боксшылар 4 емес, 3 белдік үшін жұдырықтасатынын мәлім етті. Іс-шара Қазақстан уақыты бойынаш 30 қаңтар күні өтеді», - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, Садриддин Ахмедов соңғы рет рингке 2019 жылдың желтоқсанында шыққан болатын. Бұл оның Мексикадағы алғашқы жекпе-жегі болмақ. Ол бұған дейін тек Канадада өнер көрсетіп келді. Сондай-ақ «Солдат Q» бір рет Қазақстанда жекпе-жек өткізді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Мира Төлендіқызы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT