+7 (701) 759 90 19
USD 429.76 EUR 518.16
RUB 5.64 CNY 66.15
Jańalyqtar

Сәдуақас Байғабылов «вакцинадан көз жұмған» перзентхана қызметкеріне қатысты пікір білдірді

2021 жылғы 7 сәуір 16:51
Бөлісіңіз:
Сәдуақас Байғабылов «вакцинадан көз жұмған» перзентхана қызметкеріне қатысты пікір білдірді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов онлайн брифинг барысында WhatsApp мессенджерінде тарған №4 перзентхана қызметкері вакцинациядан кейін қайтыс болды деген видеоға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда 766 614 адамға коронавирус вакцинасы егілді Брюссель тұрғындары вакциналауға онлайн жазыла алады Ақтөбеде 93 жастағы зейнеткер вакцина салдырды

«Бұл дерек бойынша комиссия құрылды, кешенді тексеру жүргізілуде. Оған жан-жақты баға беретін сарапшылар тартылды. Комиссия жұмысының нәтижелері бойынша бұл іске объективті баға беріледі», - деп жауап берді спикер брифинг барысында.

WhatsApp мессенджерінде тарған видеода №4 перзентхана қызметкері вакцинациядан кейін қайтыс болғаны туралы айтылады.

Бұған дейін, ол Алматыда жыл басынан бері карантин тәртібін бұзған 3018 адамға 202 млн теңге көлемінде айыппұл салынғанын айтқан болатын.
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT