Сағынтаев Алматыдағы мұз сырғанақтардың дайындалуын тексерді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Бүгін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен қаладағы мұз айдындарының дайындық барысын тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл қыста қалада төрт тегін, яғни «әлеуметтік» мұз айдындары ашылады. Атап айтқанда, 28 панфиловшылар саябағында, Тұңғыш Президент бағында, сондай-ақ Наурызбай мен Түрксіб аудандарында, «MART» ойын-сауық орталығында іске қосылады. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев дайындық жұмыстарының барысын тексеріп, мұздың сапасы мен ілеспе сервис инфрақұрылымын дұрыстау жөнінде бірқатар ескерту жасады. «Мұздың сапасын ретке келтіріп, конькиді жалға беру мен тамақтанатын орындарды дұрыс жолға қойып, демалу орындары мен санитарлық аймақтарды ойластыру керек. Мұз айдыны кез-келген жастағы келушілер үшін қауіпсіз және ыңғайлы болуы тиіс», — деп мердігер компания өкіліне айтқан қала әкімі Б. Сағынтаев, «әлеуметтік» дегеніміздің сапасыздық емес екенін тілге тиек етті. Мұз айдынының жалпы ауданы 12 мың шаршы метр. Ауа райы жылы болғандықтан мұз қатпайды. Айдындар арнайы жүйемен салқындатылады. 28 панфиловшылар саябағы мен Тұңғыш Президент бағындағы мұз айдыны мұз алаңдары түрінде жасалған. Сапар қорытындысы бойынша қала әкімі Б. Сағынтаев жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасарларына, аудан әкімдері мен тиісті басқармаларға қалалық мұз айдындарының техникалық дайындық барысын бақылауды күшейтуді тапсырды.

Соңғы жаңалықтар