+7 (701) 759 90 19
USD 430.39 EUR 515.52
RUB 5.68 CNY 66.03
Jańalyqtar

Сағынтаев «Алтын Орда» базары жолының құрылысы туралы айтты

2021 жылғы 17 ақпан 15:49
Бөлісіңіз:
Сағынтаев «Алтын Орда» базары жолының құрылысы туралы айтты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев халыққа есеп беру кездесуінде «Алтын Орда» базары маңындағы көлік жолайрығы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Халыққа есеп беру кездесуінде тұрғындар әкімнен қаланың шыға берісіндегі «Алтын Орда» базарында салынып жатқан жол айырықтың құрылысы қашан аяқталатынын сұрады.

«Мен облыста тұрамын, қалада жұмыс істеймін. Күніне екі сағат қалаға қарай жүрем, кері қайтарда тағы екі сағатта қатынаймын. Күніне өмірімнің төрт сағаты жол үстінде өтіп жатыр. Ол жерде менің денсаулығым да, жүйкем де қалып жатыр. Қарапайым халық көлік кептелісінен арыла алмайды. Сіз әлеуметтік желілерді бақылап, осы проблемаларды көріп отыратын шығарсыз? Сондықтан осы мәселені шешуіңізді өтінемін. Біз бұдан шаршадық», - деді тұрғын.

Сағынтаев бұл жол айырық құрылысының тезірек бітуіне ниетті екенін жеткізді.

«Алтын Орда» базарының айналма жолы барлығымызды шаршатты. Қалаға келгелі Алтын Орданың жолы қашан шешіледі деген мәселені естіп келе жатырмын. Өкінішке қарай, Алтын Орда базары қалаға жатпайды. Ол Алматы облысының жері. Мен де сол жолдың шешілуін күтіп жүрмін. Оның жұмысы министрліктің құзыретінде. Министрлік мердігер компанияны таңдаған, ақшасы жеткілікті. Бірақ мердігердің күші жетпей ме, басқасы ма, берген ақшаны игермей әлі келе жатыр. Өткенде Премьер-министр мырза келгенде осы мәселені тағы көтердік. Алматылықтар үшін қалаға кіріп-шығу қиынға соғып отыр. Егер бұл жол бітсе, бір мәселені шештік деп есептейміз», - деді Сағынтаев.

Айта кетейік, «Алтын орда» маңында көлік жолайрығының құрылысы 2017 жылы басталған болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT